«Кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылықтың, қорлаудың және суицидтің алдын алу»

23.09.2024 күні «Қаржы» мамандығының Ф-21-1 тобында аға оқытушы П.Н. Бузаубаеваның ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылықтың, қорлаудың және суицидтің алдын алу» атты кураторлық сағат өткізілді. Аталмыш кураторлық сағаттың мақсаты – жастар арасында зорлық-зомбылық, қорлау және суицид мәселенің маңыздылығын түсіндіру, ақпараттандыру, қолдау көрсету, сонымен қатар оларды әлеуметтік проблемалармен таныстыру. Кураторлық сағаттың негізгі мақсатына мыналар жатады:

Ақпараттандыру: Кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылық, қорлау және суицид мәселелерінің түрлері, себептері, салдары туралы ақпарат беру.

Сенімдік атмосфера құру: Студенттердің өз пікірлерін айтуына, мәселелерін бөлісуіне мүмкіндік жасау. Сенімді орта қалыптастыру арқылы жасөспірімдердің проблемаларын шешуге ықпал ету.

Психологиялық дайындық: Жастарға стресстік жағдайларда қалай әрекет ету тиіс екендігі туралы білім беру. Жолдастық қарым-қатынас, қолдау көрсету дағдыларын дамыту.

Алдын алу шаралары: Қоғамда зорлық-зомбылық, қорлау және суицидтің алдын алу үшін атқарылатын шаралар мен бағдарламаларды таныстыру, жастарды олардың маңыздылығын түсіндіру.

Көмек көрсету механизмдері: Қажет болған жағдайда психологтар, педагогтар, құқық қорғау органдары мен басқа да мамандарға қалай жүгіну керек екендігі туралы ақпарат беру.

Белсенділік пен жауапкершілік: Жастарды өмірлерінде жауапкершілікті сезіндіріп, өз-өздеріне және айналасындағыларға көмек көрсетуге шақыру.

Әлеуметтік желілердің әсері: Қазіргі замандағы әлеуметтік желілердегі қарым-қатынастың әсерлерін қарастыру, кибербуллинг және оның алдын алу жолдары.

Кураторлық сағаттың нәтижесінде жастар дағдыларын дамыту, өзара қолдауды арттыру, әлеуметтік және психологиялық мәселелерге жауапкершілікпен қарау ынтасын ояту болды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.