15.01.2025ж Қарағанды облысы әкімшілігінің және Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің ұйымдастырылуымен Қазақстандық жұлдыз Төлегенова Бибігүл Ахметқызының шығармашылығына арналған “Бұлбұл үнді Бибігүл” Гала-концерті Кеншілер мәдениет сарайының сахнасында өтті.
Осы шараға фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушылары көрмермен ретінде қатысты.
Қазақстан мен КСРО Халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, опера әншісі, актриса және педагог 95 жылдық мерейтойын атап өтті. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Қабдұлұлы Бөлекпаевтың арнайы шақыртуымен Бибігүл Төлегенова мерекелік іс-шараға қатысты, өңір басшысының аузынан құттықтаулар қабылдады.
Облыс орталығында Қазақстандық сахна аңызы Бибігүл Төлегеноваға құрмет көрсетілді. Халық әртісі бүгінде біздің елде және шетелде танымал. Ол қазақ халық музыкасы мен Қазақстан композиторларының шығармашылығын дамытуға және насихаттауға зор үлес қосты. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы ретінде Бибігүл Ахметқызы белгілі опера әншілерін тәрбиеледі.
Оның бүкіл өмірі сахна мен халыққа арналған. Әнші және актриса Қазақ музыкалық қорына баға жетпес үлес қосты. Оның репертуарында мыңға жуық шығарма бар: ариялар, қазақ және шетелдік композиторлардың романстары. Аты аңызға айналған әнші және біздің мақтанышымыз Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың мерейтойлық туры кеншілер астанасында басталды. Гала-концертте ұлы әншінің репертуарынан әндер шырқалды. Оған эстрада жұлдыздары Толқын Забирова, Азамат Желтыркөзов, Талғат Мұсабаев қатысты. Осы кеште Зал толы болды, жалпы атмосфера керемет жарқын, әдемі музыка мен үлкен таланттың сұлулығы мен ұлылығына толы болды.