Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы

09.09.2024 күні «Қаржы» мамандығының 4 курс Ф-21-2 тобында П.Н. Бузаубаеваның ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған кураторлық сағат өткізілді. Бұл іс-шара барысында студенттерге жолдауда айтылған негізгі бағыттар мен бастамаларды түсіндіру, талқылау және олардың өміріміздегі маңыздылығы көрсетілді. Бұл кураторлық сағат жас ұрпақтың елдің болашағына бейжай қарамауын, азаматтық жауапкершілігін арттыруды, саяси сауаттылығын дамытуға септігін тигізеді. Сондай –ақ, Қазақстан халқына жолдауда көтерілген негізгі мәселелерді талқылау арқылы студенттердің құқықтық мәдениетін, экономикалық түсінігін және қоғамдық жауапкершілігін арттырады. Сонымен  қатар, осындай іс –шаралар жастар арасында оптимистік көзқарасты қалыптастыра отырып, олардың қоғамдағы мәселелерге өздерінің ой-пікірін ашық жеткізе білуін, талдаушылық әлеуетін арттыруға септігін тигізеді. Жолдауда қозғалған мәселелердің бірі, экономикалық өсімге қатысты келесілер аталып өтілді:

  1. Инвестиция тарту: Шетелдік және ішкі инвестицияларды тарту арқылы экономиканы дамыту.
  2. Кәсіпкерлікті қолдау: Шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлікті ынталандыру шаралары.
  3. Инновациялар мен технологиялар: Жаңа технологияларды енгізу және ғылыми зерттеулерді қолдау.

Кураторлық сағат барысында қай мемлекеттердің президенттері жыл сайын халыққа жолдау жариялайтындығын да аталып өтілді. Мысалы:

1. Америка Құрама Штаттары. Президенттің Конгреске жыл сайынғы жолдауы, “State of the Union Address” деп аталады. Бұл жолдауда елдің жағдайы мен басты мәселелері қарастырылады.

2. Ресей.  Ресей президенті жыл сайын халыққа жолдау жасайды, онда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси жағдайы туралы баяндайды.

3. Филиппин.  Филиппин президенті жыл сайынғы “State of the Nation Address” (SONA) өткізіп, елдегі негізгі мәселелер мен жетістіктерді жариялайды.

4. Индонезия. Индонезия президенті жыл сайынғы жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын таныстырады.

5. Латвия. Латвия президенті жыл сайынғы жолдауда елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайына шолу жасап, басымдықтарын айқындайды.

6. Германия. Германия канцлері жыл сайынғы жолдауында елдің ішкі және сыртқы саясатын баяндап, маңызды мәселелерді талқылайды.

7. Канада. Канаданың премьер-министрі жыл сайынғы “Throne Speech” (Тронның сөзі) жариялайды, онда елдің жоспарлары мен басымдықтары туралы айтылады.

Бұл елдердегі президенттер мен премьер-министрлердің жыл сайынғы жолдаулары халыққа мемлекеттік саясат, экономикалық жоспарлар және әлеуметтік мәселелер туралы ақпарат беру мақсатында өткізіледі.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.