Әр жыл мезгілінің өз ерекшеліктері бар. Міне, жадыраған жаз айынан кейін жер-ананың мәпелеп, баптап өсірген, біздің ағзамызға өте қажетті дәрумендерге бай көкөністерін алып, алтын күз де жетті.
Осы орайда біздің “Bolashaq” академиямызда бірнеше жылдардан бері қайталанып келе жатқан игі дәстүр бар. Академия басшылығы профессор –оқытушылар құрамы мен жатақханада тұратын студенттерге жеткілікті мөлшерде көкөніс өнімдерін үлестіреді.
Біз тағы да осындай сый-сияпатқа ие болып жатырмыз. Көңіл бөліп, бізді өзімізге қажетті көкөніс өнімдерімен қамтамасыз еткені үшін қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы атынан академия басшылығына үлкен алғысымызды білдіреміз!