Қызықты  студенттік  күндер

2025 жылғы 29 наурызда «Bolashaq» Академиясы  «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының  К-23-1к тобында «Қызықты студенттік күндер» атты кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағат тренинг форматында ұйымдастырылды.

Кураторлық сағатта К-23-1к тобының студенттері осы топтың кураторы Б.А.Абылбаевамен бірге маңызды тақырыптарды талқылады. Оқу процесіне қатысты жаңалықтар мен кейбір өзекті мәселелер ортаға салынды.   Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауап алды. Сондай-ақ  топтың ұйымшылдығы мен белсенділігін арттыру мақсатында пікірталас ұйымдастырылды. Бұл студенттердің ойлау қабілетін дамытуға және өз пікірін еркін жеткізуіне көмектесті.

Кездесу жылы әрі достық атмосферада өтті. Кураторлық сағат қорытындысында студенттер алдағы жоспарларымен бөлісіп, келер күндерге жаңа серпіліс ала алды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.