ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы 2003 жылы күндізгі (4,3 жыл) және сырттай қашықтықтан (3,2 жыл) оқыту базасы негізінде құрылып, 030740 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавриаттарды даярлауды бастады.

6В01701 – “Қазақ тілі мен әдебиеті” (бакалавриат) білім беру бағдарламасы аясында оқыту формасы, оқыту ұзақтығы:

– күндізгі 4 жыл/3 жыл

– қашықтықтан оқыту – 3 жыл / 2 жыл

Кафедра 2009 жылдан бастап жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (магистратура) бағдарламасы негізінде 7М01701 – “Қазақ тілі мен әдебиеті” бағытында педагогика ғылымдарының магистрін даярлайды:

– ғылыми және педагогикалық бағыт – 2 жыл;

– бейінді бағыт –1жыл.

Заман талабына сай бәсекеге қабілетті маман дарярлау мақсатында 2019-2020 оқу жылында 6В01703 –«Қазақ және орыс тілінде білім беретін мекемелердегі қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы ашылды.

6М01701 – “Қазақ тілі мен әдебиеті” білім беру бағдарламасы негізінде бітірушілердің кәсіби қызметінің саласы:

– білім беру (педагогикалық): жалпы білім беретін орта мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, техникалық және кәсіби ұйымдарда, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында;

– ғылыми-зерттеушілік: ғылыми-зерттеушілік мекемелеріндегі ғылыми қызметкер;

– әдеби-шығармашылық: әдеби, мәдени мекемелерде, баспаларда қызмет ету;

– ұйымдастырушылық-басқару: орта мектептерді, гимназияларды, лицейді, колледжді, өз мамандығы бойынша мекемелерді басқару;

– өндірістік басқару: мемлекеттік органдарда, өндірістік және өнеркәсіптік нысандарда іс жүргізу және редакторлық.

6В01703 – «Қазақ және орыс тілінде білім беретін мекемелердегі қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламаcы бойынша білім бакалавры дәрежесі беріледі.

6В01703 – «Қазақ және орыс тілінде білім беретін мекемелердегі қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламаcы негізінде бітірушілердің кәсіби қызметінің саласы:

– қазақ және орыс тілінде білім беретін мекемелердегі (мектептер мен колледждерде) «Қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімі;

– ғылыми-зерттеу (ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер);

– әдеби-шығармашылық (әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында);

– ұйымдастыру-басқару орындарында (жалпы білім беретін мектептерде, гимназиялар мен лицейлерде, колледждерде, сондай-ақ білім беру бағдарламасына тікелей қатысы бар әр саладағы мекемелерде);

– өндірістік-басқарушылық (мемлекеттік органдарда, түрлі кәсіпорын, өндіріс орындарының іс қағаздары мен құжаттау бөлімдерінде) іс қағаздарын жүргізуші;

– әдеби кеңесші;

– аудармашы.

7М01701 – “Қазақ тілі мен әдебиеті” білім беру бағдарламасы магистрлері ЖОО-да, орта білім беру ұйымдарын сұранысқа сай сапалы кадрлармен қамтамасыз ете алады және көпдеңгейлі білім беру үдерісінің PhD докторантурасына түсуге мүмкіндік алады.

Кафедраның рейтинг көрсеткіші:

2016-жылы  – “Қазақ тілі мен әдебиеті” білім беру бағдарламасы бойынша “Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігінің” (НКАОКО) рейтингісінде 5-орынға, магистратура 2-орынға ие болды. Қазақстанның ЖОО білім беру бағдарламаларының рейтингі – 2019 көрсеткіші негізінде 10 орынға ие болды.

Академиялық ұтқырлық бойынша оқу орындармен жасалынған келісім-шарт:

– Түркияның Ерзурум қаласындағы Ататүрік университеті;

– РФ Таулы-Алтай мемлкеттік университеті;

– ҚХР Құлжа қаласындағы Іле педагогикалық университеті;

– Башқұртстан Республикасы Уфа қаласындағы М.Ақмолла атындағы БашМПУ;

– Стерлитамак қаласындағы БашМУ, Стерлитамак филиалы;

– Монғолия мемлекеті, Монғолия мемлекеттік университеті.

КАДРЛЫҚ ҚҰРАМ ТАЛДАУЫ

                6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті», 6В01703 – «Қазақ және орыс тілінде білім беретін мекемелердегі қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалаврын және 7М01702 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасын дайындау үшін ПОҚ: жоспарланған педагогикалық іскерлікті жүзеге асыру үшін базалық білімінің сай болуы, ғылыми-педагогикалық еңбек өтілінің болуы, ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, біліктілікті жоғарылату сертификаты. ПОҚ қызметтік міндеттері қызметтік нұсқаулықта көрсетілген. Профессорлық-оқытушылық құрамының профильдік пәндерге толық білімі мен біліктілігі, тәжірибесі мен дағдысы сәйкес келеді.

Филология ғылымдарының докторы, профессор:

1. Жартыбаев Асылбек Ешенқұлұлы;

2. Жұмағали Задан Тасқалиұлы;

3. Хамзин Мәуен.

Филология ғылымдарының кандидаты, кафедра профессоры:

1. Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы.

Филология ғылымдарының кандидаты, кафедра доценті:

1. Баймұрынов Жанболат Мақсатұлы.

Педагогика ғылымдарының магистрі, кафедра доценті:

1. Абдрахманов Рүстем Хасенұлы;

2. Исмаилова Райхан Налжігітқызы.

Педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы:

1. Ахметова Нұрбала Темірхановна

2. Абылбаева Баян Алтынбекова

3. Касетова Насихат Күмісбекқызы

Кафедра меңгерушісі: филология ғылымдарының кандидаты, профессор Құрманғазы Зәкірұлы Сембиев. Ұялы телефоны: 8701 375 31 67; 87003622840. Кафедра мекенжайы: Қарағанды қаласы, Абай көшесі, 17, каб. 309. тел.: 8(7212)420425, (ішкі. 301), Ерубаев көшесі,16, 200 каб.

Еmail: bolashak_kazaktili@mail.ru

6В01701-«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру

бағдарламасының мамандандырылған аккредиттік стандарттарының өлшемдеріне сәйкес келуіне өзіндік бағалау нәтижесі

2019-2020 оқу жылы өзіндік бағалау есебі бойынша «Bolashaq» академиясының 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы өз қызметінің нәтижелерін шынайы және объективті түрде көрсетті. 6B01701-«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының профилі «Bolashaq» академиясының білім беру бағдарламалары арасында бірінші болып аккредитациядан өтті.

6В01701-«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы мемлекет пен қоғам сұраныстарын ескере отырып, «Bolashaq» академиясы миссиясы мен саясатына сәйкес келеді. Жоғары оқу орнының қызметі  «Білім туралы» ҚР Заңын, «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру аясында білім беру жүйесінің алдында тұрған заманауи стандартты емес міндеттерді шеше алатын, Қазақстанның әлемнің дамыған мемлекеттері қатарынан орын алуын қамтамасыз ететін білікті маман дайындауда әлеуметтік тапсырысты қанағаттандыруға бағытталған.

ББ басқару «Bolashaq» академиясының мақсаты, миссиясы мен саясатына сәйкес ғылыми зерттеулердің, оқыту мен оқытудың интеграциясын көрсететін сапа кепілдігін қамтамасыз ету шеңберінде жүзеге асырылады. ЖОО ББ тиімді басқару үшін мүмкіндік береді – бұл білім алушылар контингентінің сапасын, ОПҚ құрамы сапасын, ақпараттық, материалдық-техникалық, қаржылық және т. б. қамтамасыз ету болып табылады. ББ – еңбек нарығында бәсекелестікті дамыту жағдайында сапалы білім беру қызметін ұсынуға ықпал ететін кадрды даярлаудың лицензиялық талаптарына жауап беретін мемлекеттік білім беру тапсырысы. Білім алушылар мен ОПҚ «Bolashaq» академиясы ғылыми кітапханасының кітап, электронды қорына, интернет-ресурсына еркін қол жеткізе алады.

ББ әзірлеу кәсіби қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған нәтижені көздейді. ББ бағалау оқу жоспарын, элективті пәндер каталогын, білім алушылардың жеке жоспарларын, ББ іске асыруды реттейтін нормативтік құжаттарды талдау, білім алушылар мен жұмыс берушілерге сауалнама жүргізу арқылы жүзеге асырылды.

ББ басшылығы білім алушылар элективті пәндер мен оқытушыларды таңдау есебінен тең мүмкіндіктер береді, жеке және кәсіби бағыттылығын, кәсіби даярлық жүйесіндегі таңдалған элективті курстың орнын, таңдалған курстың әсер ету дәрежесін, жеке білім траекториясын қалыптастыруға мүмкіндік беретін 6В01701- «Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ шеңберінде пәндердің бәсекелестік артықшылықтарын ескереді.

ЖОО-нын басқарудың қолданыстағы жүйесі жалпы декларацияланатын миссияға сәйкес келеді, барлық бөлімшелердің қолданыстағы ережелері бар, атқарушылар – лауазымдық нұсқаулықтар, негізгі үдерістердің ұйымдастырушылық рәсімдері анықталған және құжатпен бекітілген.

Осылайша, 6В01701-«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы мамандандырылған аккредиттеуді өзін-өзі бағалау басқарудың, дамытудың, бағалаудың тұлғаның қоғамға әлеуметтік кірігуін қамтамасыз етуге және әлеуметтік оңалтуға бағытталған ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау сапасына қойылатын талаптарға сәйкестігін куәландырады.

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС

Кафедра миссиясы: «Қазақ тілі мен әдебиетін дамыту үшін кәсіби білікті, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары маман дайындау».

«Bolashaq» Академиясы қазақ тілі және әдебиеті жылдық бойынша нәтижеге бағдарланған әдістемелік жұмыс ұйымдастырылды, жоспары құрастырылып, іс жүзіне асты.

 Әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда төмендегі бағыттар басшылыққа алынды: 

1. ПОҚ біліктілігін көтеру жүйесі, педагогтық шеберлікті, кәсіптік деңгейін жоғарлатуға бағытталған және педагогтарды шығармашылық потенциалын көтеруді көздейді.

2.Кафедраның әдістемелік қызметін жетілдіру – ол педагогтардың кәсіптік дамуын қолдауға арналған.

3.Озық тәжірибені оқып үйрену, тарату.

4.Педагогтардың жаңашыл қызметтері – академияның оқыту үрдісінің сапасын көтеруге және оқытушылардың ғылыми-педагогтық қызметтерін жандандыруға бағытталған. Академияның әдістемелік жұмысы оқытушылардың әдістемелік бірлестіктерінде шоғырланған және академияның әдістемелік кеңесі арқылы басқарылады.

Оқытушылардың қызметі жоспарлы сипатқа ие, бұның өзі оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарының қажетті тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Оқытушылардың жұмыс жүктемесі «Оқытушының жеке жоспары» мен «Педагогикалық жүктемені тіркеу» журналдарында көрініс табады, бұл журналдарда іс-шаралар тізімі, олардың орындалу мерзімі мен орындалғандығы жөніндегі есебі тіркеледі. Оқу жылы бойында кафедра оқытушыларының басылымдары жоспарланған.

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмыстары МЖМСБ-ға сай жүргізілді. Барлық топ бойынша оқу жоспарлары талапқа сай түзілген. Міндетті компоненттер бойынша типтік бағдарламалар бар.

Кафедра жүргізетін барлық пән бойынша оқу-әдістемелік кешен әзірленген.

АҚПАРАТ КӨЗІ ЖӘНЕ КІТАПХАНА ҚОРЫ

«Қазақ тілі  мен әдебиеті» кафедрасысын жұмысы үшін төрт компьютер, 4 принтер мен сканнер жұмыс істеп тұр. Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасына бөлінген 307,314 лабораториялық кабинеттерде 2 компьютер 1 интерактивтік тақта және 1 проекторлық тақта бар.

«Қазақ тілі  мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенттері компьютерде еркін жұмыс істейді және онлайн сабақтарға да еркін шығып отырады.

Кітапханада «ИРБИС-64» базалық деректері қолданылады, ол оқырмандардың АРМ, АИБС (Автоматтандырылған ақпараттық кітапхана жүйесі) бар. Академия студенттері мен оқытушылары үшін «Ирбис» бағдарламасы қолжетімді болып саналады. ИРБИС – кітапхана жүйесіне қойылатын барлық халықаралық талаптарға сай жауап беретін, көп дәстүрлі кітапхана ісін қолдайтын кітапхананы автоматтандыру жүйесі. Электрондық каталогты жүргізу және ұйымдастыру: ЭК «Кітаптар», ЭК «Авторефераттар және диссертациялар», ЭК «Электрондық ресурстар», ЭК «Периодика», ЭК «Оқу-әдістемелік кешен», ЭК «База деректерінің толық мәтіні».

Әр пән бойынша соңғы жылдардағы негізгі оқулықтар, есептер жинағы, жаттығулар, практикумдар, зертханалық жұмыстарға басшылық және т. б. бар.

Кітапхана қорына жаңа түсімнің көлемі жыл сайын қолда бар барлық кітапхана қорының 3-тен 5 пайызын құрайды. Қорды жаңарту сапасы мен пайызы кітап саудасы нарығында әдебиеттің болуына байланысты. Оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер саны университеттің ғылыми-әдістемелік және баспа қызметі нәтижесінде кітапхана қорына үнемі түседі, бұл оқу үдерісінің сапасы мен қажеттіліктеріне сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Академия «Қазіргі заманғы өзекті мәселелер» журналын, «Ғылым және қазіргі заман», «Жастар және қазіргі заманғы өзекті мәселелер», дайындықтың барлық бағытындағы пәндерден студенттерге оқу процесіне қажетті оқу-әдістемелік құралдарын, мамандықтар және мамандану, өздік жұмыс бойынша әдістемелік нұсқаулар, тест және бақылау тапсырмалары жинақтарын шығарып отырады.

«Қазақ тілі мен әдебиеті»  білім беру бағдарламасы кітапхана қоры әр түрлі ғылыми оқулықтармен, көркем әдебиеттермен, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етіледі.

Кітапхана қоры жыл сайын жаңа оқулықтармен толықтырылып отырады. Сонымен қатар, кафедра оқытушылары оқу жылының басында бекітілген жоспарға сәйкес оқу-әдістемелік құралдар, нұсқаулар, кешендер шығарып, кітап қорын байытып отырады.

ЖОО-ның қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар. Оны үйлестіру жұмысымен студенттерге қызмет көрсету орталығының маманы айналысады. Кафедра оқытушылары тарапынан қашықтан оқитын білім алушылар оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз етіледі. Ағымдық, аралық жұмыстарды пән оқытушылары тексеріп, студенттердің «МОOДЛ» программасы арқылы тапсырған тесттің қорытынды бағасын Platonusқа негіздейді. Үнемі кері байланыс жүзеге асырылып отырады.

ҚОТ қолданумен күндізгі оқу нысанындағы студенттер «Рlatonus» платформасымен пәндерді зерделеу үшін ақпаратты алу мүмкіндігіне ие. Оқытушылар студенттерге кеңестер береді, электронды дәрістермен және зертханалық жұмыстармен қамтамасыз етеді.

«ТІЛ-ҚАЗЫНА» БАЙҚАУЫ

«Bolashaq» Академиясында Қарағанды облыстық Білім басқармасы және қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы біріге отырып  «Жас филолог» («Тіл-қазына-22») байқауын өткізеді.

Сайыскерлеріміздің білімі мен білгірлігі, дайындығы мен ұтқырлығы сыңға түсетін байқауда бірінші орынға үш орын, екінші орынға екі орын, үшінші орынға үш орын беріледі.

I орын –  бір жыл тегін оқуға жеңілдік беріледі;

II орын – бірінші курс оқу төлемақысына 50% жеңілдік беріледі;

III орын – бірінші курс оқу төлемақысына 25% жеңілдік беріледі.

«Тіл-қазына» байқауының мақсаттары:

Шығармашылық жұмыстармен айналысып жүрген дарынды жастарға қолдау көрсету;

Ана тілінің көркемдігін, бай қорын насихаттау;

Академияның мектептермен байланыс аясын кеңейту.

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ

 Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы бекітілген «Жаһандық өркениеттегі қазақ филологиясы: мәдени-рухани мұраның зерттелуіндегі міндеттер» тақырыбының бағыты негізінде жұмыс атқарады.

Осыған байланысты кафедра оқытушылары қазақ филологиясында мәдени-рухани мұраның зерттелу мәселелері бағытына орайлас ізденіп, жұмыс нәтижелерін түрлі басылымға ғылыми мақала түрінде жариялап отырды. ЖОО арасындағы рейтинг бойынша 6В01701 – «Қазақ тілі және әдебиеті» білім беру бағдарламасы 45 жоғары оқу орны арасында 10  орынға ие болды

Кафедра құрамы еліміздің ұлттық идеясын жүзеге асыруға және академияның имиджін көтеруге  күш салып келеді.

Келісімшарт жасалған ұйым атауыКелісімшарт жасасқан тарап мекенжайыКелісімшарт жасалған мерзім, қанша уақытқа жасалғаны, келісімшарт пәні
1Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасыҚарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34«Сарыарқа 2» оқу-әдісемелік кешенді әзірлеу бойынша ғылыми жоба». Ғылыми кеңесші. Оқу құралының авторы. Өзара ынтымақтастық туралы меморандум. 21.09.2018 ж.
2Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасыҚарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34Латын қарпіне негізделген жаңа әліппбиді насихаттау, емле ережесіне атсалысу. Ғылыми кеңесші. Өзара ынтымақтастық туралы меморандум. 21.09.2018 ж.
3Ататүрік атындағы Ерзурум университетіТүркия Республикасы, Ерзурум қаласы, №66 Университет ауданы, Ататүрік университеті кампусы, 25030Университетаралық әріптестік келісімшарты. Жасалған мерзімі: 21.12.2017 ж. Жасасқан мерзімі: 21.12.2017-21.12.2022.
4Таулы Алтай мемлекеттік университетінің Алтайтану және түркология факультетіРесей Федерациясы, Алтай Республикасы, Таулы Алтай қаласы, Ленкин көш., 11) ЖОО-аралық әріптестік келісімшарты. Жасалған мерзімі: 11.05.2016 ж. Жасасқан мерзімі: 11.05.2016-11.05.2021. 2) Академиялық ұтқырлық келісімшарты. Жасалған мерзімі: 25.01.2018 ж. Жасасқан мерзімі: 25.01.2018-25.01.2023.
5Ақмолла атындағы Башқұрт педагогикалық университетінің Стерлитамак филиалыРесей Федерациясы, Башқұртстан Республикасы, Стелитамак қаласы, Ленин даңғ., 491) ЖОО-аралық әріптестік келісімшарты. Жасалған мерзімі: 06.01.2017 ж. Жасасқан мерзімі: 06.01.2017-06.01.2022. 2) Академиялық ұтқырлық келісімшарты. Жасалған мерзімі: 12.02.2017 ж. Жасасқан мерзімі: 12.02.2017-12.02.2022.
6Іле педагогикалық университетіҚытай Халық Республикасы, Құлжа қаласы, Азат көш., 4481) ЖОО-аралық әріптестік келісімшарты. Жасалған мерзімі: 12.04.2016 ж. Жасасқан мерзімі: 12.04.2016-12.04.2021. 2) Академиялық ұтқырлық келісімшарты. Жасалған мерзімі: 12.04.2016 ж. Жасасқан мерзімі: 12.04.2016-12.04.2021.
7М.Қозыбаев атындағы СҚМУҚазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, М.Жұмабаев көш., 1141) ЖОО-аралық әріптестік келісімшарты. Жасалған мерзімі: Жасасқан мерзімі: 2) Академиялық ұтқырлық келісімшарты. Жасалған мерзімі: Жасасқан мерзімі:
8Ө.Байқоңыров атындағы ЖезУҚазақстан Республикасы, Жезқазған қаласы, Алаша хан даңғ., 1Б1) ЖОО-аралық әріптестік келісімшарты. Жасалған мерзімі: Жасасқан мерзімі: 2) Академиялық ұтқырлық келісімшарты. Жасалған мерзімі: Жасасқан мерзімі:
9Еуразия гуманитарлық институтыҚазақстан Республикасы, Астана қаласы, Алматы ауданы, М.Жұмабаев даңғ., 41) ЖОО-аралық әріптестік келісімшарты. Жасалған мерзімі: Жасасқан мерзімі: 2) Академиялық ұтқырлық келісімшарты. Жасалған мерзімі: Жасасқан мерзімі:
10Тараз инновациялық-гуманитарлық университетіҚазақстан Республикасы, Тараз қаласы, Желтоқсан көш., 69Б1) ЖОО-аралық әріптестік келісімшарты. Жасалған мерзімі: Жасасқан мерзімі: 2) Академиялық ұтқырлық келісімшарты. Жасалған мерзімі: Жасасқан мерзімі:

Студенттердің мамандық аясында басқа жоғары оқу орындарына барып ақысыз дәріс тыңдауы республика деңгейінде де жолға қойылған. Мәселен, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінен, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінен, Нұр-Сұлтан қаласындағы Евразия гуманитарлық институтынан, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінен, Тұран-Астана университетінен студенттер академиялық ұтқырлықтан өтіп отырады. Осы аталған ЖОО студенттері академиялық ұтқырлық аясында біздің академияда білімдерін жетілдіреді.

«Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы аясында шетелдік оқу орындарынан тәжірибе жинаған студенттер шетелдегі оқу орындарының магистратурасына мемлекеттік бюджет негізінде (грант) түсуіне мүмкіндігі бар. «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасында оқитын студенттер республикалық олимпиададан тыс шетелдік олимпиадаға да қатысуына да барынша жағдай жасалған..

Студенттердің Отан, туған жер жайлы танымын кеңейту мақсатында еліміздің тарихи орындарына саяхат ұйымдастырылады. Кафедра оқытушыларының жетекшілігімен Түркістан, Отырар, Сарайшық қалаларына экскурсияға барды. Студенттердің қоғамдық шараларға қатысуына да мүмкіндігі зор. Атап айтқанда, мемлекеттік маңызы бар спорттық шараларға қатысуына жан-жақты жағдай туғызылған. Студенттердің шығармашылық бағыттағы жұмыстарына да жоғары деңгейде қолдау жасалады. Бұл үшін кафедра жанында «Жауһар»  ғылыми үйірмесі жұмыс істейді. Студенттер облыстық, республикалық жыр мүшәйрасына қатысып, жеңімпазы атанып жүр.

Студенттердің шығармашылығы Академия көлеміндегі «Лимонад» студенттік журналына тегін жарияланады, сондай-ақ студенттердің жұмыстары сайт пен порталдарға жариялау мүмкіндігі бар. Бұл мақсатта масс-медиа жұмыс істейді.

Студенттер тарапынан жазылған ғылыми мақалаларға кафедра оқытушылары тарапынан жетекшілік жасалып, ол мақалалар халықаралық, республикалық ғылыми конференция материалдарында жарияланады.

Студенттердің ғылыми жетекшісінің басшылығымен шетелдік ғылыми конференцияларға барып баяндама жасап қайтуына да жан-жақты жағдай жасалған.

СЕМБИЕВ ҚҰРМАНҒАЗЫ ЗӘКІРҰЛЫ

Қазақ тілі мен әдебиет кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, ЖАК доценті, академия профессоры.

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті, филология факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы. Біліктілігі – Филолог.Оқытушы (1980-1985жж), Аспирантура ҚарМУ, филология факультеті. Мамандығы 10.02.06 – «Түркі тілдері» (1986-1989жж.)

Телефон: 42-04-25 (ішкі 301,305);

E-mail: kz_dk4kara@mail.ru

Жетістіктері:

1. Благодарственное письмо. Федеральное государственное бюджетное образовательное учреждение высшего образования «Горно-Алтайский государственный университет» (ФГБОУ ВО ГАГУ, Горно-Алтайский государственный университет) 10-14 мая 2016 года.

2. Құрмет грамотасы. Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы. Қарағанды, 2017 жыл

3. Благодарственное письмо. Министерство образования и науки Российской федерации Стерлитиамакский филиал федерального государственного бюджетного образовательного учреждения высшего образования «Башкирский государственный университет». Стерлитамак 2017.

4. Алғыс хат. Қарағанды облысының білім басқармасы «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы

5. Награжден медалью «15 лет Казахстанско-российскому университету», №143 02 августа 2013г.

6. Алғыс хат. «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ. Оспанова. 2017 жыл

7. Құрмет грамотасы. Қарағанды қаласының әкімі. Н. Әубәкіров. 2017 жыл

8. Құрмет грамотасы. Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығы. А.Игенова. Қарағанды,2017

9. Құрмет грамотасы. Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, 2018.

10. «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» белгісі марапаты. 08 желтоқсан 2021.

Портфолио профессора Сембиева К.З.