The library of the Academy of “Bolashaq” continues to acquaint readers with new items in its collection.
We present a series of books “Magical Fairytales”, which includes tales for children from the world’s collections translated into the Kazakh language.
The library invites readers to 17 Abaya Street.
84 Қаз 44
A 39 Аладдин = Aladdin. – Алматы: «ABAY books» баспа үйі, 2019. – 32 бет.
ISBN 978-601-7368-03-6
Ашқұрсақ бала Аладдиннің өмірін сиқырлы шам түбегейлі өзгертті. Азаттыққа шыққан Жын Аладдиннің
3 бірдей тілегін орындай алады екен. Бірақ, Аладдин мұндай мүмкіндікпен Жасмин ханшайымның жүрегін
жаулай ала ма? Ол сиқыршы Джафарды жолдан тайдыру үшін қандай амал қолданды? Бұл ғажап ертегілердің топтамасымен дисней хикаяларының қызығына кенеліңіз.
84 Қаз – 44
Е 66
Ержүрек Мериданың досы = Brave a friend for Merida. – Алматы:
« ABAY books » баспа үйі, 2019. – 27 бет.
ISBN 978-601-7368-12-8
Мерида – бұла күші бойына симаған сұлу ханшайым, ал Ангус – оның аузымен құс тістеген арғымағы. Екеуі тау-тасты,
орман-көлді бірге аралағанды жаны сүйетін достар десек те болады. Кезекті кешкілік серуен несімен есте қалды? Ангус иесін ажал тырнағынан қалай аман қалды? Білгің келе ме? Бұл ғажап ертегілердің топтамасымен дисней хикаяларының қызығына кенеліңіз.
84 Қаз – 44
К 67 Көліктер 3 = Cars 3. – Алматы: «АВAY books» баспа үйі, 2019. – 32 бет.
ISBN 978-601-7368-11-1
Аузымен құс тістеген Найзағай Маккуин автомобильдер жарысынан әлем чемпионы ретінде танымал.
Алайда, жарыс жолағында жасындай жарқылдаған жарыскерлердің жаңа буыны пайда болғанда, ол сүйікті
спортынан әп-сәтте шеттетіледі. Ол ескі және жаңа достарының көмегімен жарысқа қайта оралуға Найзағай жарыста өз мансабының аяқталмағанын дәлелдеп, өзін жаңа қырынан көрсете ала ма? Жоқ әлде, қайранға шыққан балықтай жағада қала ма? Бұл ғажап ертегілердің топтамасымен дисней хикаяларының қызығына кенеліңіз.
Барлық құқығы қорғалған. Бұл басылымның ешқандай бөлігін баспаның жазбаша рұқсатынсыз қайта
жариялауға, қандай да бір жолмен және белгілі бір құралмен – электронды, механикалық; фотокөшірме,
жазбаша немесе басқа да жолдармен пайдалануға тыйым салынады.
84 Қаз – 44
К 78
Күлбике = Cinderella. – Алматы: «АВAY books» баспа үйі, 2019. – 32 бет.
ISBN 978-601-7368-02-9
Патша сарайындағы балға асыққан Күлбикенің жолын өгей шеше мен өгей әпкелері бөгейді. Тышқан
достары мен құс серіктері қолдарынан келгенді істеп баққанымен Күлбике күймеден түсіп қалды.
Арманына жетуге таяқ тастам қалғанда кедергіге тап болған Күлбикеге кім көмекке келеді? Сағат тілі түн
жарымды соққанда қандай сиқырдың күші қайтады? Ал сонда оймақтай ғана шыны туфлидің шын иесі кім?
Шартараптан шарқ ұрып серігін іздеген ханзаданың ғашығы Күлбике болуы мүмкін бе? Бұл ғажап ертегілердің топтамасымен дисней хикаяларының қызығына кенеліңіз.
84 Қаз – 44
Қ 42 Қаршақыз бен жеті ергежейлі = Snow White and the seven Dwarft. – Алматы:
«ABAY books » баспа үйі, 2019. – 32 бет.
ISBN 978-601-7368-04-3
Қатыгез де қызғаншақ өгей шешесінен қашып, жеті ергежейлінің жанынан пана тапқан Қаршақыз қауіптен
бәрібір құтылмады. Қыр-соңынан қалмай, ақыры іздеп тапқан Патшайым оған уланған қызыл алманы жегізеді. Достым, сеніңше, сұлу ханшайымды енді терең ұйқыдан кім оятады? Сырбаз да сымбатты ханзада Қаршақызды құтқара алар ма екен? Бұл ғажап ертегілер топтамасымен дисней хикаяларының қызығына кенеліңіз.
84 Қаз 44
М78 Мулан = Mulan. – Алматы: «АВАҮ books» баспа үйі, 2019. – 27 бет.
ISBN 978-601-7368-01-2
Қытай елінде Фа Мулан атты өзге құрбыларына ұқсамайтын қыз өмір сүрді. Ебедейсіз әрі үй тірлігіне икемсіздеу Муланды
жеңгетайлар да аса жақтыра бермейтін. Себебі жүрт біткен еркекшора Мулан әйел болып жарытпас деп ойлады.
Сөйткен Мулан мыңдаған сарбазбен бірге жауға аттанады. Әйел затын әскер сапына алмайтын Қытай заңы мұны қалай
қабылдады? Қарша бораған оқтың астынан аман қалған Муланды алда не күтіп түр? Бұл ғажап ертегілердің топтамасымен дисней хикаяларының қызығына кенеліңіз.
84 Қаз – 44
М 82 Мұзды өлке = Frozen. – Алматы: «АВАҮ books» баспа үйі, 2019. – 32 бет.
ISBN 978-601-7368-13-5
Сиқырдың күшімен жаздың аптабында патшалық қар құрсауында қалды. Өмірден баз кешіп әрі бас
сауғалап тау асқан әпкесі – қар ханшайымы Эльзаны іздеуге сіңлісі Анна да аттанды. Анна мен оның жаңа достары Эренделл патшалығын Эльзаның мұз құрсауынан құтқара ала ма? Ертегіде
кім жеңеді? Зұлымдық па? Жоқ әлде махаббат пен мейірім бе? Бұл ғажап ертегілердің топтамасымен дисней хикаяларының қызығына кенеліңіз.
84 Қаз – 44
П 44
Покахонтас = Pocahontas. – Алматы: «АВАҮ books» баспа үйі, 2019. – 32 бет.
ISBN 978-601-7368-07-4
Кеме капитаны Джон Смит шытырман оқиғаларды іздеп Америка жағалауларына жүзіп жетті.
Ол жергілікті тайпадан шыққан көрікті бойжеткен – Покахонтасты көреді де, бірден ғашық болады. Ал олардың махаббаты қос құрлықтың арасындағы соғысты тоқтата ала ма? Покахонтас туған
елінің тыныштығы жолында махаббатын құрбан ете ме, жоқ әлде ғашығымен бірге мұхит аса ма? Сен қалай ойлайсың, оқырман? Бұл ғажап ертегілердің топтамасымен дисней хикаяларының қызығына кенеліңіз.
84 Қаз – 44
Р 20 Рапунцель= Tangled. – Алматы: «АВАҮ books» баспа үйі, 2019. – 32 бет.
ISBN 978-601-7368-08-1
Бұрымы жер сызған сұлу қызды көріп пе ең? Иә, ол – Рапунцель. Патшалық іздеу салған қарақшы Флин жасырын мұнараға тығылғанда, сұлу да сиқырлы бұрымды Рапунцельді көреді. Рапунцель ұзақ жылдар бойы мұнараға қамалып өмір сүргендіктен, ол бірден Флинге жармаса кетеді. Ол үшін азаттыққа шығу арман еді! Рапунцель мен Флиннің қауіп-қатерге, түрлі қызыққа, сезім мен сергелдеңге толы саяхатына бірге куә болғыңыз келсе, мархабат! Бұл ғажап ертегілердің топтамасымен дисней хикаяларының қызығына кенеліңіз.
84 Қаз – 44
С 85
Су перісі = The little Mermaid. Алматы: «АВАҮ books» баспа үйі,
2019. – 32 бет.
ISBN 978-601 7368-06-7
Ариель – адамдар арасында өмір сүруге аңсары ауып тұратын су перісі. Ол
әкесінің бұйрықтарына құлақ аспай, теңіз түбіндегі әлемнен алшақтап, су бетіне
жиі шығатын. Бірде ол ханзада Эрикті долы дауылдан құтқарып қалады. Иә, ол
осылайша Эрик ханзадаға ессіз ғашық болады. Адам баласымен қол ұстасып өмір сүру үшін ол да адамға айналып, өз болмыс-
бітімінен бас тартуы тиіс. Қайтпек керек? Ғашықтық дертіне шалдыққан жас
қызды кім алдап-арбайды? Теңіз мыстанының көксегені не? Бұл ғажап ертегілердің топтамасымен дисней хикаяларының қызығына кенеліңіз.
84 Қаз – 44
С 85
Су перісі 2: Теңізге оралу = The little Mermaid 2: Return to the sea. – Алматы:
«АВАҮ books» баспа үйі, 2019.- 27 бет.
ISBN 978-601-7368-09-8
Мелодия ханшайым да анасы секілді бала күнінен теңізге ынтық боп өсті. Алайда анасы Ариель оны теңізге жолатқысы
жоқ. Неге? Ханшайым суасты әлемі мен Атлантика патшалығын біржола жойып жібере алатын күшке ие теңіз мыстаны Морганамен аңдаусызда мәміле жасасады. Мұның соңы неге әкеледі деп ойлайсың? Анасының жүзбеқанатын көрген Мелодия неге таңғалды? Кәне, онда су астына бірге сүңгиік, жас дос! Бүл ғажап ертегілердің топтамасымен дисней хикаяларының қызығына кенеліңіз.
84 Қаз – 44
С 89
Сұлу мен құбыжық = Beauty and the Beast. – Алматы: «ABAY books» баспа үйі, 2019. – 32 бет.
ISBN 978-601-7368-00-5
Бэль – ауылдық жердегі өнертапқыштың жар дегендегі жалғыз қызы. Бұрын-соңды ауылдан алысқа аттап
шықпаған Бэль әкесін іздеп жүріп жұмбақ құбыжықтың сарайына тап болады! Жас оқырман! Сеніңше, сиқырлы сарайдың ішіне бүккен қандай сыры бар? Ал қызыл раушанның соңғы
күлтесі жерге түскенде не болмақ? Ертегі еліктіріп әкетті ме, досым? Онда құбыжықтың сарайына бірге саяхат жасайық! Бұл ғажап ертегілердің топтамасымен дисней хикаяларының қызығына кенеліңіз.
84 Қаз – 44
¥29
Үйқыдағы ару = Sleeping Beauty. – Алматы: «АВAY books» баспа үйі, 2019. – 28 бет.
ISBN 978-601-7368-10-4
Аврора ханшайым дүние есігін аша сала зұлым да арам ниетті періште Малефисентаның қарғысына
ұшырайды. Оны үш бірдей кіндік шешелері – сиқырлы перизаттар қорғап жүрсе де, Аврора қарғыстан қаша
алмай, ақыры саусағын ұршыққа кесіп алып, терең үйқыға кетеді. Оны терең ұйқыдан кім оятады, достар? Орманда кезіктірген жас жігіт пе, жоқ әлде көрші корольдіктің мұрагері ме? Бұл ғажап ертегілердің топтамасымен дисней хикаяларының қызығына кенеліңіз.
84 Қаз – 44
X 19 Ханша мен құрбақа = The Princess and the Frog. – Алматы:
«ABAY books» баспа үйі, 2019. – 48 бет.
ISBN 978-601-7368-05-0
Қиялға берілгіш Шарлотта, еңбексүйгіш Тиана – достығы жарасқан кішкентай қыздар еді. Олар құрбақаға айналған ханзада туралы ертегі естігенімен күндердің күнінде өздері сол ертегінің кейіпкеріне айналатынын білді ме? Мейрамхана ашамын деп жүріп, шалшықтан бір-ақ шыққан Тиана неге ашуланды?
Сонымен ханзаданы құрбақа кейпінен кім құтқарады? Соңында ол қай қызга үйленеді? Шарлоттаға ма, жоқ әлде Тианаға ма? Бұл ғажап ертегілердің топтамасымен дисней хикаяларының қызығына кенеліңіз.