Алғыс

«Bolashaq» академиясының «Шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының «Шет тілі: екі шет тілі» факультетінің Қытай тілінің аға оқытушысы Апше К.!
Сізге айтар алғысымыз шексіз!
Француз ойшылы Жан Жак Руссо айтқандай «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау». Ойшыл ғалымның сөзінің жаны бар, себебі шәкірт санасына білім дәнін сеуіп, білім нәрімен сусындатып, оны мейірімділікпен өсіру кез-келген жанның қолынан келе бермейді. Бұл үшін ұстаз бойында кәсібиліктен бөлек, адамгершілік, сабыр, әдептілік, ар-ұят сынды асыл қасиеттер болуы керек. Осы қасиеттерді сіздің бойыңыздан көре алдық. Өзіңіздің алтын уақытыңызды біз білім алсын деп, қытай тілі бойынша сөздік қорымыз бір сөзден мың сөзге артсын деп бар ынта-жігеріңізді бізге арнадыңыз!
Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша Moodle оқыту жүйесінде бастапқы уақытта күрделі тілге жататын қытай тілін үйрену қиын болар деген ойда болған едік. Бірақ сіздің сабақты түсіндіру біліктілігіңіздің арқасында бұл күмәніміз сейілді!
Қытай тілін қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша оқығанымызбен, тапсырмалар күнделікті беріліп және біз оларды тиянақты орындауға тырысудамыз. Moodle оқыту жүйесіне енгізген кітаптарыңыз, аудио, видео жазбаларыңыз, сонымен қатар оқыту әдісіңіз, түсіндіру тәсіліңіз, оқыту барысындағы ұсынылған оқу бағдарламасы мен құрал-жабдықтарыңыз нақты түсінікті әрі өте қызықты. Оқу барысында сауатымыз ашылды, қытай тілін үйренуге қызығушылығымыз одан сайын артты!
Жұмсыңызға табыс тілейміз! Бағындырар белестеріңіз көп болсын!

дИН-19-2 с қаз тобының студентері

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.