Пікір

Мен “Bolashaq” Академиясына 2019 жылы оқуға түстім, бүгінде бітуші түлекпін. Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасында күндізгі қашықтықтан оқу бөлімінде (екінші, жоғары білім), дИН-19-2с тобында оқыдым.
“Bolashaq” академиясына түсе отырып, мен дұрыс таңдау жасадым!
Ең алдымен, өз саласының білікті де білімді мамандарынан тұратын оқытушылық құрамын атап өткім келеді. Барлық оқытушылар, өз саласындағы абыройлы, асқақ марапат иегерлері. Еңбек жолын оқытушылыққа баулыған тәжірибелі ұлағатты оқытушылар, студентпен жұмыстың қыр сырын терең меңгерген өз ісінің хас шеберлері.
Қашықтықтан оқығандықтан дәрістер Moodle платформасында өтті, одан бөлек WhatsApp желісінде ашылған арнайы чат арқылы қосымша ақпараттар берілді, сұрақтарымызға әрдайым уақытылы жауап алып отырдық. Ағылшын тілін тереңдете оқыдық, ал қытай тілін бастапқы деңгейден бастап оқыдық.
Академияда оқу кезінде алған білімім шын мәнінде баға жетпес байлық деп білемін. Белгілі бір дәрежеде менің дүниетанымым, көптеген нәрселерге деген көзқарасым өзгерді. Болашаққа жоспар құрып, бағытымды бағдарлай алдым.
Жалпы, менің “Bolashaq” академиясында оқыған екі жыл уақытым өмір бойы көптеген жағымды және ұмытылмас әсер қалдырды. Академияда білім алу кәсіби білімнің баға жетпес қорын алуға көмектеседі. Сондықтан, “Bolashaq” академиясында білім алуды ұсынамын!
Шаяхмет Нұргүл
дИН-19-2с тобы

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.