Пікір

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»- деген ұлы Абай бабамыз.

Сіздер- жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті-жемісті күннің кепілі.Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып,Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істертіңізге толымды табыс тілеймін.

Құрметті «Bolashaq» академиясының ректоры, профессор Құралбай Несіпбекұлы және қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Құрманғазы Зәкірұлы студенттеріңіздің құрметі мен шапағатына бөленіңіздер. Сіздерге шығармашылық табыс, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін демекпін.

Маған берген білімдеріңіз үшін, мен баршаңызға шексіз алғыс білдіремін!

Байжұманова Айгүл Аманбайқызы, зК-18-1с тобының студенті, 05.05.2020 жыл

Мы вам перезвоним