Алғыс

«Bolashaq»   академиясының барлық ұстаздарына алғысымды білдіремін. Сіздердің ұстаздық қиын да, шыдамды жолдарыңызға тек қана сәттілік, қайрат, шыдамдылық тілеймін. Академиямыздан беделді, абыройы асқақтаған, білікті маман иелері шығатынына кәміл сенемін. Академиядағы әр салаға арналған студенттік клубтар студенттің жан-жақты дамуына үлкен үлесін қосады. Академияда дамуға жолдар өте көп. Тек студенттің ынтасы болса болғаны. «Bolashaq» академиясын бітіріп жатқаныма қуаныштымын. Барлық оқытушыларға, студенттерге тек қана сәттілік, алға қойған мақсаттарыңызға жете берулеріңізге тілекшімін.

Тілек білдіруші: зПмно-18-2к студенті Дария Айдана Мұратқызы.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мы вам перезвоним