Отображение вопросов

Болатбекова Күміс

Пікір

Мен, Болатбекова Күміс Ерланқызы «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша Bolashaq «Академиясында» 2017-2021 жылдары білім алдым. Жоғары білімді білікті өз істерінің нағыз майталмандары болып табылатын ұстаздардан алғаныма қуаныштымын.
Кафедранының профессор-оқытушы құрамы әрқашан барлық білім алып жатқан студенттерге қолдау көрсетіп, көмек қолдарын созып отырды. Ұстаздардың берген білімінің арқасында өмірімде өзім қалаған мамандық иесі атанып отырмын. Шет тілі мамандығының иесі болуы менің бала күнгі арманым болатын. Сол арманыма ұстаздарымның арқасында қол жеткіздім.
Сол себептен, барлық «Шетел тілі: екі шетел тілі» кафедрасының профессор-оқытушы құрамына, қолымыздан жетелеп, ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңып, осы күндерге жеткізгендеріңіз үшін, шаршамай, қажыр-қайраттарыңызды жұмсап, алтын уақыттарыңызды аямай берген білімдеріңіз үшін шәкірттік шынайы ниетіммен алғысымды білдіремін. Сіздерден үйренген теориялық білімімді тәжірибе жүзінде қолдана алатын жақсы маман болатындығыма және де өмірде жақсы адам болатындығыма сенімдімін.
Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар сіздерге мың алғыс!

Ответы к вопросам в блоге ректора