Раимбек Мәдина
Алғыс
2025 жылдың 18 сәуірінде «Bolashaq» академиясында «Тіл-Қазына» олимпиадасын жоғары деңгейде өтті. Олимпиада мазмұны терең, тапсырмалары жан-жақты, оқушылардың тілдік құзыреттілігін, әдеби дүниетанымын кеңейтуге бағытталған кәсіби бағыттағы маңызды білім бәйгесі болды.
Аталған сайысқа мен, Шет ауданы Ақшатау кенті Ш.Уәлиханов атындағы ЖББМ-ның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мадина Уәлиханқызы өзімнің дарынды оқушыларым Көпбай Жұлдызай мен Амантай Таңшолпанды дайындап, қатыстырдым
Сайыс барысында оқушылардың білімге деген қызығушылығы мен қазақ тілі мен әдебиетіне деген сүйіспеншілігі айқын көрінді. Нәтижесінде, оқушым Амантай Таңшолпан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Бұл – шәкіртімнің талпынысының, еңбегінің және тиянақты дайындығының жарқын жемісі.
Осындай мазмұнды да мағыналы, жоғары деңгейде өткен олимпиаданы ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұжымына, әсіресе, нағыз кәсіби біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол, өз саласын жан-тәнімен сүйетін білікті маман Абылбаева Баян Алтынбекқызына мың алғыс!
Ол кісі тек ұстаз ғана емес, нағыз көшбасшы, ұйымдастыру қабілеті жоғары, жан-жағына шуақ шашып жүретін зиялы жан. Қарапайымдылығы мен кішіпейілділігі, әр адамға деген ықыласы мен ізеті жүректі жылытады. Оқушылармен тығыз байланыс орнатып, жетекшілермен ұдайы кері байланыста болып, әрбір кезең туралы нақты әрі шұғыл ақпаратпен қамтамасыз етіп отырды. «Болашақ» академиясының басшылығына, кафедра меңгерушісі Қ.З.Сембиевке және Б.А.Абылбаеваға ризашылығымыз шексіз.