Абылбаева Баян
Олимпиадаға қатысушылардың пікірі
«Тәл-Қазына» олимпиадасына қатысушылар алғыс білдіреді.
Комментарии:
Сарсекеева Алия Амангелдиевна2025 жылдың 18 сәуірінде «Bolashaq» академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы Қарағанды облысы мен Қарағанды қаласының мектеп, лицей, гимназияларының 11-сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Қарағанды облысы білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы» КММ-мен бірлесіп дәстүрлі «Тіл-Қазына» олимпиадасын өткізді.
Аталмыш олимпиадаға Осакаров ауданы, Осакаровка кенті. «Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ-нің 11-сынып оқушысы Даулетхан Жансұлу қатысып, жүлделі 1-орын иеленіп, оқудың 1 жылдық төлем ақысына 100% жеңілдікке ие болды. Жыл сайын ұйымдастырылатын «Bolashaq» академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының пәндік олимпиадасына қатысып жүлделі орынға ие болуы біздер үшін үлкен абырой деп есептейміз.
Осындай олимпиадалар ұйымдастырып, ауыл мектебі балаларының қатысуына мүмкіндік жасап отырған, академия ректоры Қ.Б.Алдановқа және «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к., Б.А.Абылбаеваға алғысымызды білдіреміз. Дәстүрлі байқаулардың жыл сайын жалғасын таба беруіне тілекшіміз. Ізгі тілекпен: Осакаров ауданының білім бөлімінің әдіскері Сарсекеева Алия Амангелдиевна
Абылбаева Баян
Олимпиадаға қатысушылардың пікірі
«Тәл-Қазына» олимпиадасына қатысушылар алғыс білдіреді.
Комментарии:
Сарсекеева Алия Амангелдиевна
2025 жылдың 18 сәуірінде «Bolashaq» академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы Қарағанды облысы мен Қарағанды қаласының мектеп, лицей, гимназияларының 11-сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Қарағанды облысы білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы» КММ-мен бірлесіп дәстүрлі «Тіл-Қазына» олимпиадасын өткізді.