Отображение вопросов

Калдыбаева Баян

Алғыс

Алғыс
«Мұғалімдердің кәсіби дамуы. Педагогикалык шеберлік»
семинар

28-29.03.2024 күні мектебімізде «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы мен «Bolashaq» Академиясының бірігіп ұйымдастыруымен «Мұғалімдердің кәсіби дамуы. Педагогикалык шеберлік» тақырыбында облыстық семинар өтті.Семинарды ұйымдастыру, өткізу барысында «Bolashaq» Академиясының аға оқытушысы Қалимаш Амангельдиновнаның кең эрудициялы, шығармашыл, жауапкершілігі мол, мойнына алған ісін нәтижелі аяқтайтынына көзіміз жетті.
Сөзімнің дәлелі: семинар өткізу барысында өзінің кәсіби шеберлігін, іс -тәжірибесінің озық үлгісін, ұйымдастырушылық, іскер оқытушы екенін көрсете білді. Мұндай көлемі кең ауқымды, бірнеше білім орындарын біріктіріп іс- шара өткізу ұстанымы берік адамның ғана қолынан келетін іс. Эстетикалық талғамы жоғары, ақыл парасаты өмірде білгірлігімен ұштасып жатады. Семинарда Калимаш Амангельдиновна «Функционалды сауатты тұлға негізі» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингте бірнеше түрлі жаңа әдіс- тәсілдер қолданды.
Мұндай шара біздің мектеп қабырғасында бірінші рет емес, 2020-2021 оқу жылында бастауыш сынып мұғалімдеріне «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының оқытушыларын қатыстырып өткізген «Функционалды сауаттылық- білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары» тақырыбында дөңгелек үстелі де іс тәжірибе алмасудың бір озық үлгісі болды.
2023 жылы «Білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейіне сәйкес сараланған тапсырмаларды пайдалану» тақырыбында өткізген семинары жас мамандар мен студенттерге, мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек болды. Осындай шараладрды дөңгелетіп әкететін ұйымдастырушылық қабілеті өте жоғары деп санаймын.
Қалимаш Амангельдиновнамен бірнеше жылдан бері мектебімізгі студенттер әкеліп, оларға үнемі бағыт бағдар беріп, болашақта олардың өз ісінің маманы болуға тәрбиелеп жүргеніне куәгерміз. Біз ол кісімен қоян қолтық жұмыс істеп келе жатырмыз. Өте жауапты, ықтиятты, әр істің уақытында орындалуын талап ете біледі.
Қалимаш Амангельдиновнаның бар білімі, іскерлігі мен бойындағы адами қасиеттерін қазақтың әрбір қызы өзіне үлгі-өнеге ретінде қабылдағаны абзал. мақсаттары әлі де биік, армандары әлі де асқақ.
Ол алдындағы студенттерге бағыт бағдар бере жүріп, бергенінен берері әлі де мол деп есептеймін. Қалимаш Амангельдиновна өз ісінің маманы, еңбекқор, ұлтжанды азаматша деп танимын. Алғысымыз шексіз!

Қарағанды қаласы №23 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі, педагог- зерттеуші Калдыбаева Баян Ибишевна

Комментарии:

Қайырлы күн, Баян Ибишевна! Сіздің жақсы лебіздеріңіз үшін Академия атынан алғыз білдіреміз. Кері байланыс жасағаныңыз үшін көп рақмет! Алдағы уақытта да мектеп мұғалімдерімен қоян- қолтық жұмыстар жасауға дайын екенімізді хабардар еткім келеді.

Ответы к вопросам в блоге ректора