Отображение вопросов

Хавал Бакыткуль

Алғыс

Мен таңдаған «Bolashaq» академиясы

Жоғарғы оқу орнын таңдау – әрбір адам үшін мәнді және күрделі шешім. Өйткені, жарнамасы жер жарғанмен, білім сапасы төмен оқу орындары көптеп кездеседі. Мен көптеген оқу орындарын қарастырып, нәтижесінде осы академиясын таңдадым.
Ұстаз – ең бір ерекше қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандықты бала күнімнен армандадым. Педагогика саласының жақсы маманы болып қалыптасуыма осы Болашақ академиясының тигізер әсері мол деп ойлаймын. Осы жолда кездескен қиындықтардан сүрінбей өтіп, аянбай еңбек етіп, тер төгуім керек. Сонда ғана менің мақсатым іске асады. «Bolashaq» академиясында оқып, жоғары білім алғаныма еш өкінбеймін, керісінше шын жүрегіммен мақтан тұтамын!
Мен «Bolashaq» академиясы оқу орнына дұрыс таңдау жасадым деп сенімді түрде айта аламын.
Сырттай талдау жасағанда бұл оқу орнынның артықшылықтары көп. «Bolashaq» академиясының аса бағаланған нәрселердің бірі сол жерде білім беретін, оқытатын ұстаздардың адамдармен жылы қарым- қатынасы қонақжайлылығы, кез келген мәселе бойынша көмектесуге дайындығы, ең бастысы – білім сапасы.
Менің ойымша әр шәкірттің жанына жақын келетін, өмірлік ұстанымдарының жаршысына айналатын ұстазы болары анық. Дәл сол сияқты менің де сүйікті ұстазым алғаш академия табалдырығын аттаған кездегі топ жетекшім – көңілі пәк, ойы нәзік, шәкірттерінің жүрек нұрынан өз жемісінің өнімін көруге асыққан бағбан, әрі адам жанына ақыл дәнін сепкен ұстаздардың бірі де бірегейі – Сарбасова Калимаш Амангельдиновна. Ол кісінің ғибрат алар әрбір сөзі, кескін-келбетіндегі жылулық, бәрі мен үшін-үлгі-өнеге.
Осы академияны басқарып отырған ректор Қ.Н.Менлибаевқа және оқытушылар ұжымына алғысым шексіз. Сіздер өз салаларыңыздың мықты маманысыздар. Рахмет сіздерге!

«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша 3-курс дПМНО-19-3к тобының студенті Хавал Бакытгуль

Ответы к вопросам в блоге ректора