АКАДЕМИЧЕСКАЯ МОБИЛЬНОСТЬ

В рамках академической мобильности в Академии “Болашак” побывали студенты Северо-казахстанского университета им. М. Козыбаева. Девушки проучились в стенах нашего вуза 4 месяца, а теперь поделились своими впечатлениями.

Оқу, білім – жанған шырақ, ойласаң.

Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң.

Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал.

Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.

Жүсіпбек Аймауытов

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. “Болашақ” университеті – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалімдер. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Педагогикалық факультетінің деканы Туркенов Т.Қ., кафедра меңгерушісіХрапченкова Н.И., кафедра доценті, п.ғ.к. Шалтаева Р.Ж., кафедраның аға оқытушысы Жанысбаева Р.М., Кафедраның аға оқытушысы Балабекова Л.Г., Кафедраның аға оқытушысы Нуркенова Г.К., Кафедраның аға оқытушысы Арунова Ж.А. осындай мұғалімдерді біз “Болашақ” университетінен байқап және осы мұғалімдердің арқасында үлкен жетістерге жете алдық. Келген күннен бастап, кураторым  Жанна Ануаровна  құшақ жайып, бізге жылы шырай танытып, күтіп алған болатын.

Академияға келген күннен бастап байқағанымыз, мұғалімдердің өз ісінің нағыз маманы, студенттерден көп нәрсені талап етеуінің арқасында, біз шыңдала түстік, осы мұғалімдерден алған тәжірбиеміз өте мол.

Бұл университетке біз Баһида Сандуғаш, Бекмұханбет Самал екеуміз М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінен арнайы білімімізді шыңдауға және білім алмасып тәжірибе жинауға 4 айға оқуға келдік. Осы уақыт аралығында біз университеттің білім беру сапасының өте жоғары екенін көрдік және бізге шәкірттеріне   өмірдің қыр-сырын танытып, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге баулыған дарынды мұғалімдерге алғысымыз шексіз!

“Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” мамандығының ерекшелігін, маңыздылығын ашып көрсеткен, өз ісінінің мамандары Роза Жиенбаевна және Роза Мазыраповна ұстаздарымыз.  

“Адамның адамшылығы   жақсы ұстаздан болады” деп ұлы Абай  айтқандай,  осы ұстаздардың арқасында үлкен белестерден көрініп, үлкен тәжірибе жинадық” мен осы университетке келгеніме және білім алғаныма өте қуаныштымын!

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.