27 қаңтарда Қарағанды қаласындағы Қарағанды Қазтұтынуодағы Университетінде ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен “Қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік” интеллектуалды ойыны өткізілді. Ойынға НАО Қарағанды Медициналық Университеті, Қарағанды Қазтұтынуодағы Университеті, Ә. Сағынов атындағы Техникалық Университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті және “Bolashaq” Академиясының студенттері қатысты. Академия командасының атынан қатысқан 2 курс студенттері Жақсылықова Дана, Абильдина Ботагөз, Зайнуллаева Асел және Генинберг Ксения бақтарын сынап, көзге түсті.
Интеллектуалды ойын үш кезеңнен тұрды.
- Бірінші кезең – студенттердің қаржы саласындағы білімін тексеру тесті жүргізілді. Бұл кезеңде командаларға тест сұрақтары мен жауап нұсқалары ұсынылды.
- Екінші кезең – “Кім жүйрік?” сайысында командалар кезектесіп, экрандағы ұяшықтардан сұрақтар таңдап, оған жауап беру.
- Үшінші кезең – “Кейстік тапсырмаларды шешу” кезеңі болды. Әр команда кейстердің біреуін таңдап алып, тапсырмаларды шешіп, сұрақтарға жауап беру.
Ойынның соңында қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады. Жүлделі орындар белгіленді. «Bolashaq» командасы Алғыс хатпен марапатталып, сыйлықтарға ие болды!
Қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!