Оқытушы-профессорлар құрамына оқылған «Қазақ халқының рухани мұрасы» атты семинар

«Bolashaq» академиясында дәстүрге айналған тамаша үрдістердің бірі – оқытушылардың өздерінің зерттеу нысанына байланысты әріптестерінің алдында дәріс оқуы. Бұл бір жағынан дәріс оқушының ғылым саласындағы ізденістері мен жетістіктерін мәлімдесе, екіншіден, тыңдаушыларға ой туғызып, қозғау салатын тың дүниелерді ұсынады. Сол арқылы тәжірибе алмасу тәсілдері жүзеге асырылады.

Осындай талаптарға толық жауап беретін, көпшіліктің зор ықыласына бөленген дәрістердің бірі «Қазақ халқының рухани мұрасы» болды. Дәрісті даындап оқыған филология ғылымдарының докторы Мұхаммадғали Ілиясұлы Әбдуов. Материалдың мазмұны қазақ халқының тарихына, тіліне, салт-дәстүріне, дініне қатысты маңызды мәселелерді қамтыды. Дәріскер ауыз әдебиетінің маманы болғандықтан, әр тұжырымын фольклормен сабақтастырып отырады. Мәселен, ел тарихына қатысты көне заманда қазақ деген ірі мемлекеттің болғандығын айта келіп, кейінгі қазақ хандығымен байланыстырса, тілге байланысты «қазақ» сөзінің төркіні «қаз» сөзнде жатқандығын айтты. Сондай-ақ, дәстүрге орай киіз үйдің алты қанаттан тұратын нұсқасында жетпіс екі уық болатындығын, ол уықтардың әрқайсысының арасы 5 градус екендігін, сонда 72-ні 5-ке көбейткенде 360 градус шығатындығын көрсете келіп, күннің екі уық арасын  15 минут жүріп өтетіндігін, осыған қарап уақытты анықтағандығын жеткізді. Бұдан да басқа көптеген мәселелерді айтты. Сөйтіп, ертедегі қазақ халқының жаратылыс заңдылықтарын жан-жақты білгендігін айқындады.

Дәрістің соңында тыңдаушылардың қызығушылығының арта түскені сондай, Абылбаева Б., Абдрахманов Р. Тәрізді көптеген оқытушылар жатпай сұрақ қойып, ойдағыдай жауап алды. Әсіресе, әбжад мәселесі тыңдаушыларды қатты қызықтырды. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қазақтың ірі тұлғаларының діни сауаттылығы әбжад оқуын меңгеруге дейін көтерілгендігін білді. Соның бір көрінісі ұлы ақын, хакім Абайдың қырық бес қара сөзімен де тығыз байланысты екен.

Түйіндей келгенде, дәріске қатысқан оқытушы-профессорлар рухани тұрғыдан мол мәлімет алып, бойындағы білімдерін шыңдап қайтты.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.