А рамках программы “Рухани жангыру” среди студентов образовательной программы “Дошкольное обучение и воспитание” в режиме онлайн прошел кураторский час на тему: “Құқықтық мәдениет – Воспитание правовой культуры”.
Құқықтық мәдениетті тәрбиелеу
«Рухани Жанғыру» бағдарламасы бойынша «Құқықтық мәдениет» тақырыбында ДОВ-19-2 тобының студенттері: Мателова Раушан, Төлеген Айдана, Бөкен Алтан және Пмно-19-2 тобының студенттері: Анарбаева Мадина, Әбдірахманова Дильназ, Әбілхамит Шамшия, Бекбмағанбет Эльмира, Көшенова Диана, Еркін Сағыныш осы аты аталған студенттердің қатысуымен өткізілді.
Кураторлық сағаттың мақсаты: Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Ұйымдастырушылыр: «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушылары Жанысбаева Р.М. және Бакарамова С.А. сөз кезегінде;
– Құқық дегеніміз не?,
– Құқықтық мәдениет адамға не үшін қажет?
деген сұрақтарға анықтама беріп өтті.
Құқық — бұл мемлекет бекіткен және рұқсат еткен жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерінің жиынтығы, құқық адамдардың арасындағы маңызды қатынастарды реттейтін, оның орындалуын мемлекет қадағалап отыратын жалпы білімдік нормалар жүйесін айтамыз.
Құқықтық мәдениет адамға құқықтық мәдениет жеке басының рухани қажеттілігін өтеу үшін керек. Қазақстан Республикасы — демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттік, оның ең қымбат қазынасы – адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Әрбір азамат өзінің әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарын пайдалана білу керек, бірақ оны жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.
ДОВ-19-2 тобының студенті: Мателова Раушан «Құқықтық мәдениет» тақырыбына дайындаған баяндамасын оқыды. Студенттер аса қызығушылықпен тыңдады.
Сонымен қатар Пмно-19-2 тобының студенттері: Анарбаева Мадина, Әбдірахманова Дильназ осы тақырыб аясында даярлаған баяндамаларын оқыды. Баяндаманы зейін қойып тындаған студенттер әр қайсысы өз пікірлерін білдірді. Сөз соңында Дов-19-2 тобының кураторы Жанысбаева Р.М. және эдвайзер Бакарамова С.А ат салысқан студенттерге өз алғыстарын білдірді.