22 апреля 2020 года кафедра “Финансы” провела итоговую конференцию производственной практики по программе Skype в режиме on-line со студентами 4 курса.
Үстіміздегі жылдың 22 сәуірінде «Қаржы» кафедрасы 6В04101 «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша өндірістік практиканың қорытынды конференциясын on-line режимде Skype қосымшасында өткізді.
Конференцияға комиссия мүшелері – «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., профессор Дарибекова А.С., э.ғ.м., «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы Тайлақ Ә.Е., «Қаржы» кафедрасы бойынша практикаға жауапты, Ф-16-2 тобындағы өндірістік практика жетекшісі э.ғ.м., «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы Усувалиева З.К. және 4 курстың Ф-16-2 тобының студенттері қатысты. Сонымен қатар Оқу – әдістемелік басқармасының тәжірибе бойынша маманы Конысбаева Жумагуль Мейржановна да қатысты.
Өндірістік практика 2020 жылдың 27-ші қаңтары мен 03-ші сәуірі аралығында өтті. Студенттер практика базаларына сол базалармен қол қойылған келісім-шартқа сәйкес академия ректорының 2020 жылғы 20 қаңтардағы №22 бұйрығымен бағытталған. Студенттер өндірістік практиканы болашақ «Қаржы» мамандықтарына сәйкес базалардан өтті.
Алғашқы сөз кафедра меңгерушісі Дарибекова Айгуль Сагатбековнаға берілді. Келесі кезекте тәжірибе жетекшісі Усувалиева Зайра Казыгуловна практика бойынша есепті қорғау тәртібі мен талаптарын түсіндірді. Студенттер есептері бойынша дайындаған презентациялары бойынша сөз сөйлеп, есептерін қорғады.
Жалпы студенттердің практика орындарында жауапты да білікті қызмет атқарғандары қорғау барысында байқалды және ол туралы практиканың практика базасынан жетекшілерінің студенттерге берген мінездемесі мен бағаларынан көруге болады.
Конференция соңында комиссия мүшелері практиканың қорытынды бағаларын жариялады.