В рамках 175-летнего юбилея Абая Кунанбаева в режиме онлайн проведен общенациональный онлайн-фестиваль студенческого искусства «Абай әлемі» с целью возрождения литературно-культурных ценностей, популяризации жизни и творчества великого мыслителя среди молодежи№
Благодарственным письмом награжден преподаватель кафедры Казахского языка и литературы Академии “Bolashaq” Багдал Айболат за вклад в повышение духовно-нравственных, патриотических качеств студентов через произведения Абая и популяризацию творчества великого мыслителя, композитора Абая Кунанбаева среди молодежи при организации общенационального онлайн-фестиваля студенческого искусства «Абай әлемі».
Поздравляем нашего коллегу и желаем дальнейших успехов!
Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай әлемі» жалпыұлттық онлайн-студенттік өнер фестивалі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тікелей басшылығымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2020 жылы 4-5 желтоқсанда Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында әдеби-мәдени құндылықтарымызды жаңғырту, ұлтымыздың мақтанышы, ғұлама ойшыл Хәкім Абайдың өмірі мен шығармашылығын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Абай әлемі» жалпыұлттық онлайн-студенттік өнер фестивалі онлайн режимінде өткізілді.
«Абай әлемі» жалпыұлттық онлайн-студенттік өнер фестивалінің іріктеу кезеңі Республикамыздың барлық жоғары оқу орындарында онлайн режимінде өткізіліп, әрбір номинациясы бойынша жеңімпаздар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен қорытынды кезеңіне қатыстырылды.
Абай шығармалары арқылы студенттердің бойында рухани-адамгершілік, имандылық, патриоттық қасиеттерін арттыруға және «Абай әлемі» жалпыұлттық онлайн-студенттік өнер фестивалін ұйымдастырудаұ лт мақтанышы, данышпан ойшылы, сазгер, Абай Құнанбайұлының шығармашылығын жастар арасында кеңінен насихаттау қосқан үлесі үшін «Bolashaq» академиясы «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушысы Бағдал Айболат «Алғыс хатпен» марапатталды.
Құттықтаймыз! Әріптесімізге еңбегіңіз жемісті болсын демекпіз!