The library of the Academy of “Bolashaq” continues to acquaint readers with new items in its collection.
We present our readers the trilogy “Narkesken” by Ospanov Y.S. The author is a historian-ethnographer, a member of the Union of Writers of Kazakhstan, the author of historical novels.
The library invites readers to 17 Abay Street.
63.3(5 Қаз)
О – 78
Оспанов Ә.С.
Наркескен: тарихи көркем трилогия/- Әбдісаттар Оспанов.-Алматы: Жания-Полиграф, 2014. – 342 б. + 5 б. жапсырма.
ISBN 978-601-06-2834-2
Т.1: Бас кескен банта. — 342 б. + 5 б. жапсырма.
ISBN 978-601-06-2835-9
Тарихи трилогия – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, тарихшы- этнограф, Жанқожа батыр», «Хан Сырлыбай» тарихи романдарының, «Өмір, неткен тәтті едің…» эссе кітабының, «Адамдықтың арқалап ауыр жүгін…», «Адам, қайда барасың?» жыр және «Ән ұшып, күй төгілді жүрегімнен» атты әндер мен күйлер жинақтары авторының жарты ғасырдан астам уақыттан бергі ізденістері мен зерттеулері нәтижесінде жазылған тың туынды. Трилогияның 1-томында санаты ғұмырының жетпіс жылға жуығын Сыр-Арал өңірін мекендеген Кіші Жүз қазаңтарының Хиуа, Қоқан хандықтары мен патшалық Ресейдің отарлың езгісіне қарсы ұлт-азаттық күресіне арнаған, көзінің тірісінде-аң «үш Жүздің биі әрі әулиесі» атанған, сол замандагы хан-сұлтандардың, Ресейдің әскери басшыларының өздері мойындауға мәжбүр болған ең соңғы және теңдессіз дала батыры Жанқожа Нұрмүхаммедұлының (1774-1860), әкесі Нұрмұхаммед Киікбайұлының (1710-1792), Жанқожаның 15 жасында-ақ әділдік пен халықтың азаттығы жолында жанын пида етуге дайын ұл болып өсіп келе жатқанын көрегендікпен біліп, оған бата берген шөбере ағасы Қылышбай хан Жұмағұлұлының, олардың қаруластары: Толыбай Мыңбайұлы, Дабыл Бекшеұлы, Ақтан Аңайұлы, Беласар Рысбайұлы, Дәрменқұл ахун Қосымұлы, Бекарыстан би Аматдыңұлы, Есет Көтібарұлы, Қызылбас патуан, Шабақ Қазанбайұлы, Төремұрат жырау Еспембетұлы сияқты билер мен батырлардың 1792-1841 ж. аралығындағы, әсіресе, Созақ қаласын қоқандықтардан азат ету кезіндегі қиян-кескі шайқаста көрсеткен ерен ерліктері, азаматтың істері, шешендіктері жайлы баяндалады. Шығарма мұрағаттық деректер, зерттеулер негізінде, батыр жайлы қаруластарының ұрпақтарына қалдырған кейбір естеліктерімен салыстырыла жазылған. Ойдан атынған кейіпкерлер, оқиғалар, не жер-су, ру атаулары жоқ. Жас ұрпақты отансүйгіштікке, адалдыққа, шешендік пен ділмарлыққа үйрететін, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, әдебиет пен тарихты қастерлеуге тәрбиелейтін бұл кітап көпшілік оқырман қауымға және болашақ әдебиетші, тарихшы студенттерге арналған.
63.3(5 Қаз)
О – 78
Наркескен: тарихи көркем трилогия,/- Әбдісаттар Оспанов.-Алматы: «Жания-Полиграф», 2014. – 340 б. + 5 б. жапсырма.
ISBN 978-601-06-2834-2
Т.2: Адыра қалған үміт . — 340 б. + 5 б. жапсырма.
ISBN 978-601-06-2836-6
Трилогияның 2-томында Жанқожа Нұрмұхаммедұлы мен оның ержүрек қаруластарының 1842-1852 жж. аралығындағы хиуалық бектердің Сыр бойына жасаған дүркін-дүркін шапқыншылықтары кезіндегі ерліктері, орыс әскерилерінің Райым, Қазалы, Қармаңшы форттарын салып, бұл өңірді отарлау саясатын іс жүзінде жүргізе бастауы салдарынан жергілікті халықтың адам төзгісіз езгіге, аштыңқа, босқыншылыққа ұшырауы жайлы баяндалады. Шығарма мұрағаттың деректер мен ғылыми зерттеулер негізінде, Жанқожа батыр жайлы қаруластарының өз ұрпақтарына қалдырған кейбір естеліктерімен салыстырыла отырып жазылған. Ойдан алынған кейіпкерлер, оқиғалар, не жер-су, ру атаулары жоқ. Ұрпақты отансүйгіштік пен адалдыққа, шешендік пен ділмарлыққа, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, әдебиет пен тарихты қастерлеуге тәрбиелейтін бұл кітап көпшілік оқырман қауымға және болашақ әдебиетші, тарихшы студенттерге арналған.
63.3(5 Қаз)
О – 78
Наркескен: тарихи көркем трилогия,/- Әбдісаттар Оспанов.-Алматы: «Жания-Полиграф», 2014. – 340 б. + 5 б. жапсырма.
ISBN 978-601-06-2834-2
Т.З: Сатқындық құрбандары. – 340 б. + 4 б. жапсырма.
ISBN 978-601-06-2837-3
Трилогияның 3-томында Сыр-Арал өңіріндегі қазақтардың патшалық Ресейдің отарлық езгісіне қарсы Жанқожа Нұрмұхаммедұлы басқарған 1856-1857 ж. ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі ерен ерліктері, көтерілісшілердің және Қазалы форты маңындағы ауылдардың аяусыз жазалануы, оның салдарлары мен батырдың 1860 ж. сатқындардың қолынан қапияда қаза болуы жайлы баяндалады. Шығарма мұрағаттық деректер мен ғылыми зерттеулер негізінде, Жанқожа батыр жайлы қаруластарының өз ұрпақтарына қалдырған кейбір естеліктерімен салыстырыла отырып жазылған. Ойдан алынған кейіпкерлер, оқиғалар, не жер-су, ру атаулары жоқ. Ұрпақты отансүйгіштік пен адалдыққа, шешендік пен ділмарлыққа, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғүрыптарды, әдебиет пен тарихты қастерлеуге тәрбиелейтін бұл кітап көпшілік оқырман қауымға және болашақ әдебиетші, тарихшы студенттерге арналған.