Алғыс

        Құрметті «Bolashag» академиясының ректоры Құралбай Несіпбекұлы Меңлібаев және «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының оқытушылары, менің кураторым Калимаш Амангельдиновна Сарбасова! Сіздерге өз атымнан үлкен алғыс айтқым келеді.

       «Ұстаз» сөзінің екі түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі бір пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары, беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. «Ұстазы жақсының  ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель», десе,  Жамбыл Сүйінбайды, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп шексіз құрметтеп өткен. Мен де Қалимаш Амангелдіқызын өзімнің ұстазым деп құрметтеймін. Студенттердің шапағаты мен құрметіне бөленіп, қандай жағдай болса да, көмегін көрсетіп жүреді. Сіздердей ұстаздардан дәріс алғаныма қуаныштымын. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Сіздерге шығармашылық табыс, ғылыми атақтарыңыз молынан болсын дегім келеді.

зПМНО -18-2с түлегі Ахмедиярова Ботагоз Мелсовна,   Нұр-Сұлтан қаласы.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.