Пікір

Мен Рзаханова Айгерим Амангельдыкызы Қарағанды «Bolashaq» Академиясының 2019 жылы «Педагог-психолог» бакалавр дәрежесімен, 2021 жылы «Педагогика ғылымдарының магистрі» дәрежесімен түлегі атандым.

Академияның табалдырығын аттап, өзімнің болашағыма қадам жасағаным, корпусқа кірген барысында жылы шырайлы адамдарды көріп, бізге балмұздақ таратып, қызықты студенттік шақтың алғашқы ұмытылмас керемет естелігін қалдырғаны әлі күнге дейін есімде.

«Bolashaq» Академиясында теориялық біліммен ғана емес, сонымен қатар 1 курстан бастап тәжірибелік тұрғыда өз білім беру бағдарламасының ерекшеліктерін көре отырып, оған деген қызығушылығымның арта түскеніне күмәнім жоқ.

Осы оқыған 6 жыл ішінде бізді оқытып, бар білімін аямай берген ұстаздарыма алғыс білдіргім келеді.  Өз саласының мамандары, дәрістер мен семинарларда көптеген пайдалы және ғылыми ақпаратты біліп қана қоймай, сонымен қатар олардың кәсіби қызметінен де хабардар болдық. Бұл оқуды әр түрлі және қызықты ететін, себебі өз пікірімізді білдіре алып, сол арқылы белгілі бір жағдай бойынша шешім қабылдауға қатыса алдық.

Магистрлік дәрежені алуға және сабағынан дәріс алып, білімімді тереңдете түсуіме кепіл болған, студенттер мен оқытушылар арасында сыйлы құрметке ие  п.ғ.к. Акпарова Жанна Муслимовнаға алғысым шексіз. Әрқашан еңбегіңіздің жемісін көріп, ғылыми атақтарыңыз мол болсын!

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.