2025 жылдың 11 ақпанында «Bolashaq» академиясының дәрігері С.Г.Куур мен КДМ бірлесе отырып, академияның барлық 1-4 курс студенттерімен кездесіп, студенттерге тегін «аскорбин қышқылы» дәруменін таратты.
![](https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2025/02/IMG-20250211-WA0063-563x1000.jpg)
![](https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2025/02/IMG-20250211-WA0064-563x1000.jpg)
Кездесу барысында Светлана Геральдовна барлық аудиторийларды жеке-жеке аралап, студенттерге Қарағанды қаласындағы емханаларға басқа қаладан келген студенттерді тіркеу рәсімінің маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ, туберкулезге үнемі тексерілу және флюрографиялық тексеруден өту қажеттілігін айтты.
![](https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2025/02/IMG-20250211-WA0061-563x1000.jpg)
![](https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2025/02/IMG-20250211-WA0062-563x1000.jpg)
С.Г.Куур «Анемия: симптомдар, емдеу, алдын алу» тақырыбында шағын дәріс оқып, студенттерге бұл аурудың белгілері мен алдын алу шаралары туралы пайдалы ақпарат берді. Анемия – организмде қанның қызыл жасушаларының азаюы немесе гемоглобиннің төмендеуі нәтижесінде пайда болатын ауру. Бұл жағдайдың алдын алу үшін дұрыс тамақтану, витаминдер мен минералдармен байытылған тағамдарды тұтыну маңызды екенін ескертті.
Академия дәрігері денсаулықты сақтау әрбір адамның жауапкершілігі екенін атап өтіп, студенттерді денсаулықтарын күтуге шақырды. Себебі, денсаулық – ең үлкен байлық!
🌿 Денсаулығымызды күтейік, дұрыс тамақтанайық, спортпен айналысайық, және қажет болған жағдайда маманның көмегіне жүгінейік!