Вопросы к блогу ректора

Төребаева Асыл

Алғыс

14-желтоқсан күні “Bolashaq” академиясында “Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына” орай мерекелік іс-шара өткен болатын. Іс-шара барысында академия ректоры Меңлібаев Құралбай Несіпбекұлы студенттер мен оқытушыларға құттықтау лебізін білдірді, мадақтамалар мен марапаттар берілді. Оған қоса студенттердің ата-аналарына арнап алғыс хат берген болатын. Алғыс хатта алдымен Тәуелсіздік мерекесімен құтттықтай келе, белсенді студенттердің озық тұлғасын қалыптастырғандары үшін ата-анамызға алғыс білдіретіндігі жайлы жазылған. Бұл алғыс хатты көріп, біз де, ата-анамыз да қатты қуандық. Әсіресе, әкем мен анамның сол бір қағазды көріп, балаша қуанған кездері әлі көз алдымда. Ол кісілердің көздерінен қуаныш пен мақтаныш сезімдерін көрген де мен де толқыдым.
Бізге де, ата-анамызға да мереке қарсаңында осындай керемет көңіл күй сыйлағаны үшін ректорымызға алғыс білдіреміз!!!
К-18-1 оқу тобының студенті Төребаева А.О.

Ответы к вопросам в блоге ректора