Вопросы к блогу ректора

Калибекова Гульнур

Жалоба.Не дают точного ответа

Құрметті Гульнара Мусиевна! Мен – қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімімін, “Болашақ” университетінде 2012-2014 жылдары 5В011700 мамандығы бойынша оқыдым. Мұғалім болып орыс сыныптарында да, қазақ сыныптарында да 11 жыл жұмыс істеп келемін. Директор жұмысқа қабылдағанда мамандығымды толық тексеріп алған болатын. Алайда, мектебіміз аттестациядан өтетіндіктен, маған қосымша анықтама қажет. Анықтамада менің қазақ сыныптарымен қатар, орыс сыныптарында да қазақ тілін оқыта алады деп көрсетілуі керек. Бірақ, маған бұл анықтаманы беруден бас тартты. Мен Астанада тұратындықтан, Қарағандыға қазір бара алмаймын. Барлық ақпарат көздерін тексеріп, зерттей келе, менің бұл анықтаманы алуға толық құқығым бар. Себебі, мамандықтың шифрын талдай келе, менің қазақ сыныптарымен қоса, орыс сыныптарында да сабақ беруіме болатындығы анықталды. (Выпускники данной траектории могут выполнять образовательную деятельность в качестве учителя казахского языка и литературы в средних и профессиональных образовательных учреждениях, как с казахским языком обучения, так и с неказахским языком обучения.) Сіздердің жіберген лицензияларыңызда мамандыққа байланысты ештеңе жоқ. Тез арада жауаптарыңызды күтемін. Болмаса, министрлікке жазуға тура келеді. 2 ай бойы нақты дәлел келтіретіндей жауаптарыңызды ала алмадым

Комментарии:

Сізге 2014 жылы Қарағанды ​​«Болашақ» университеті қазақ мектептері (сыныптары) үшін 5В011700 коды бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерін шығарғаны туралы жауап берілді.


 

Кешіріңіз, сіздерге құжат тапсырғанда мен орыс тобы мен қазақ тобының бар екенін білдім. Алайда 5В011700 коды бойынша қазақ тілі маманы Т1 мен Т2-де сабақ бере алады деп маған айтты. Сіздер берген жауапта жалпылама университеттің лицензиясы көрсетілген. 5В011700 коды бойынша мамандықтың қызмет аясы, өкінішке орай, жазылмаған. Мені ақымақ санап тұрсыздар ма, әлде құжаттарды ақтару сіздерге қиын ба?


 

Ответы к вопросам в блоге ректора