Калибекова Гульнур
Жалоба.Не дают точного ответа
Құрметті Гульнара Мусиевна! Мен – қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімімін, “Болашақ” университетінде 2012-2014 жылдары 5В011700 мамандығы бойынша оқыдым. Мұғалім болып орыс сыныптарында да, қазақ сыныптарында да 11 жыл жұмыс істеп келемін. Директор жұмысқа қабылдағанда мамандығымды толық тексеріп алған болатын. Алайда, мектебіміз аттестациядан өтетіндіктен, маған қосымша анықтама қажет. Анықтамада менің қазақ сыныптарымен қатар, орыс сыныптарында да қазақ тілін оқыта алады деп көрсетілуі керек. Бірақ, маған бұл анықтаманы беруден бас тартты. Мен Астанада тұратындықтан, Қарағандыға қазір бара алмаймын. Барлық ақпарат көздерін тексеріп, зерттей келе, менің бұл анықтаманы алуға толық құқығым бар. Себебі, мамандықтың шифрын талдай келе, менің қазақ сыныптарымен қоса, орыс сыныптарында да сабақ беруіме болатындығы анықталды. (Выпускники данной траектории могут выполнять образовательную деятельность в качестве учителя казахского языка и литературы в средних и профессиональных образовательных учреждениях, как с казахским языком обучения, так и с неказахским языком обучения.) Сіздердің жіберген лицензияларыңызда мамандыққа байланысты ештеңе жоқ. Тез арада жауаптарыңызды күтемін. Болмаса, министрлікке жазуға тура келеді. 2 ай бойы нақты дәлел келтіретіндей жауаптарыңызды ала алмадым