Төлен Қаншайым
«Шет тілі: екі шет тілі» кафедрасына алғыс
Мен Төлен Қаншайым, “Шет тілі: екі шет тілі” кафедрасының 2022 жылғы түлегімін.
Осы оқыған 3 жыл ішінде бізді оқытып, бар білімін аямай берген ұстаздарыма алғыс білдіргім келеді. Өз саласының мамандары, дәрістер мен семинарларда көптеген пайдалы және ғылыми ақпаратты біліп қана қоймай, сонымен қатар олардың кәсіби қызметінен де хабардар болдық. Бұл оқуды әр түрлі және қызықты ететін, себебі өз пікірімізді білдіре алып, сол арқылы белгілі бір жағдай бойынша шешім қабылдауға қатыса алдық.
Ерекше алғысымды кафедра меңгерушісі Жанар Газизовна мен керемет қытай тілі мұғалімі Апше Гүлшираға білдіргім келеді.
Әрқашан еңбегіңіздің жемісін көріп, ғылыми атақтарыңыз мол болсын!
Комментарии:
Құрметті «Bolashak» академиясының ұжымы және ректоры,профессор Құралбай Несіпбекұлы Меңлібаевқа және «Психология, бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Асакаева Дана Саламатовнаға, оқытушыларына,оның ішінде ғылыми жетекшім п.ғ.к., доцент Абилкасимова Гульзам Каироллаевнаға ерекше ықыласымды білдіргім келеді. Ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу барысында жетекшіміздің көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін, әр магистрант өз оқулықтары мен әдістемелік құралдарын басып шығарып, авторлық куәліктерін ала отырып, диссертацияларын жоғары деңгейде қорғап шығуға үлес қосқаны үшін көп рақмет! Білікті әрі білімді өз ісінің маманы, жетекшім Г. К. Абилкасимова сізге көп-көп рақмет!!! Абройыңыз арта берсін!!
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы, заң ғылымдарының кандидаты, кафедра доценті Серімов Елеужан Елемесұлына және Динара Бөгенбайқызы мен Ардақ Жұмаханқызына алғысымыз шексіз!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық,еңбекте табыс, өмірде бақыт тілеймін! Шығармашылық ізденістер мен ғылыми жаңалықтарыңыз көп болып, абройларыңыз арта берсін!
Шын жүректен: «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының бітіруші түлегі, педагогика ғылымының магистрі Тусупбаева Акбота Рамазановна.