Халықаралық «edu.e-history.kz» журналы

Құрметті авторлар!

Халықаралық «edu.e-history.kz» журналы – ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің қадағалау тізбесіне енгізілген Қазақстандағы жалғыз электрондық ғылыми басылым.

Ғылыми мақаланы жариялау үшін қойылатын талаптар:

– Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының базасындағы «edu.e-history.kz» – электронды ғылыми журналының редакциясы автордың бұрын еш жерде жарияланбаған ғылыми қолжазбасын және ілеспе құжаттарды электронды нұсқада қабылдайды.

– Редакцияға автор қолжазбасын edu.history@bk.ru электронды пошта арқылы және ғылыми мақаланы рәсімдеу ережесінің қатаң сақталуы негізінде ұсынады.

– Материалдарды алғаннан кейін қолжазба рецензиялауға жіберіледі.

– Оң пікір берілгеннен кейін редакция авторға мақаланың жариялануына қабылданғандығы туралы, сондай-ақ рецензенттер мен редакторлардың ескертулерін де хабарлайды. Соған сәйкес автор мақаланы түзетуі және толықтыры қажет. Мақала жариялауға ұсынылмаған жағдайда редакция авторға дәлелді бас тартуды жібереді.

– Авторлар келтірілген тарихи деректердің, дәйексөздердің, статистикалық және әлеуметтік деректердің, жеке атаулардың, географиялық атаулардың және басқа да мәліметтердің іріктелуі мен нақтылығына жауап береді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.