“Әділет” ғылыми үйірмесінің отырысы

15 қарашада Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының аға оқытушысы С.Н. Қуанышеваның ұйымдастыруымен “Құқықтану” ББ студенттері арасында “Әділет” ғылыми үйірмесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыстың тақырыбы: “Сот сараптамасында қолданылатын инновациялық әдістер”.

Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының аға оқытушысы М. Ж. Кужукпаев студенттерге инновациялық технологиялардың сот сараптамаларын жүргізуге әсері туралы айтып берді. Сот-сараптама қызметінің перспективалы инновациялық бағыттарының мәселелері қамтылды, олардың ішінде 3D-технологиялар, нанотехнологиялар және жасанды нейрондық желілерді қолдану ерекше көзге түседі. Инновациялардың әсерінен сот-сараптама қызметін сапалы өзгерту бұрын шешілмейтін болып саналған сараптамалық міндеттерді шешу жолымен сот сараптамаларының мүмкіндіктерін кеңейткенін атап өтті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.